Múkhtar Omarkhanúlı Æuezov születése napján

Múkhtar Omarkhanúlı Æuezov مۇحتار ومارحانۇلى اۋەزوۆ születése napján …
Legelőször is érdemes elmondani, hogy illő qazaq nevén, orosz -ov nélkül : Múkhtar Omarkhanúlı Æuez.

Ауэзов Мухтар Омарханович (Мишуров Н. 1987)

Мұхтар Омарханұлы Әуезов (28 қыркүйек 1897, Шыңғыстау, Семей облысы, Ресей империясы – 27 маусым 1961, Кунцево орталық клиникалық ауруханасы, Мәскеу, КСРО) — қазақ жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақстан ғылым академиясының тұңғыш академигі (1946), филология ғылымдарының докторы мен профессоры (1946), Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1957).[1]

Өмірбаяны

Мұхтар Әуезов 1897 жылғы 28 қыркүйекте, Семей өңірінде, қазіргі Абай облысының Абай ауданындағы Бөрілі деген жерде дүниеге келген. Шыққан руы — Қожа.

Бөрілідегі Мұхтар Әуез дүниеге келген және тұрған үй.

Мұхтардың атасы Әуез ескіше сауаты бар, араб, парсы, ортаазиялық түркі әдебиетімен таныс болған. Мұхтар бала кезінде атасының үйретуімен арабша хат таниды. Мұхтардың әкесі Омархан да, Әуез де Абай ауылымен іргелес отыратын, құдалы, дос-жар адамдар еді.

4 жасынан бастап әжесі Мұхтарға Абай өлеңдерін жаттатады. 1903 жылы алты жасар Мұхтар Абай ауылына барып, ақынмен кездеседі.

1908 жылы Семейдегі Камалиддин хазірет медресесінде оқып, одан кейін орыс мектебінің дайындық курсына ауысады. 1910 жылы Семей қалалық бес кластық орыс қазына училищесіне оқуға түсіп, соңғы класында оқып жүргенде «Дауыл» атты алғашқы шығармасын жазады.

1915 жылы училищені аяқтап, Семей қалалық мұғалімдер семинариясына түседі. Семинарияда оқып жүріп Шәкәрім Құдайбердіұлының «Жолсыз жаза» дастанының негізінде «Еңлік-Кебек» пьесасын жазып, оны 1917 жылғы маусымда Ойқұдық деген жерде сахнаға шығарады.

Ресейдегі саяси революция Әуезов өміріне үлкен өзгерістер әкеледі. Ол Семейде «Алаш жастары» одағын құрып, түрлі үйірмелердің ашылуына ұйытқы болады. Жүсіпбек Аймауытовпен бірігіп жазған «Қазақтың өзгеше мінездері» аталатын алғашқы мақаласы 1917 жылғы 10 наурызда «Алаш» газетінде басылды.

1918 жылғы 5–13 мамырда Омбы қаласында өткен Жалпы қазақ жастарының құрылтайына қатысып, ол орталық атқару комитетінің мүшесі болып сайланады. Әуезов жазушы Жүсіпбек Аймауытовпен бірлесіп, Семейде «Абай» ғылыми-көпшілік журналын шығаруға қатысады.

Шығармашылығы

М.Әуездің 50 томдық толық шығармалар жинағының бірқатар томдары

«Абай жолы» роман-эпопеясы

«Абай жолы» (тетралогия) — Мұхтар Әуезовтың Абай Құнанбайұлына арналған роман-эпопеясы. «Абай жолы» — қазақтың көркем прозасын классикалық деңгейге көтеріп, әлем әдебиетіне көркемдік қуат әкелген туынды. Әуезов өзінің роман-эпопеясында қазақ халқын, оның ұлттық дәстүрін барлық қырынан энциклопедиялық деңгейде жан-жақты ашып көрсетті. Әуезовтың «Абай жолы роман-эпопеясы әлемдік деңгейде: «XX ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірі» (Луи Арагон) деген жоғары баға алды.

Әуезов алғашқыда екі кітаптан тұратын «Абай» (1942, 1947), онан кейін мұның жалғасы болып табылатын «Абай жолы» (бұл да екі кітаптан тұратын; 1952, 1956) романын жазды. Осы төрт томнан тұратын «Абай жолында» қазақ қоғамының алуан түрлі топтары кең қамтылып, сан қырлы тұтас галерея жасалды. Онда қазақ халқының этнографиялық, діни, жалпы мәдени-танымдық дәстүрлері: жаз жайлауға көшу, құдалыққа бару мен той жасау, кісі өлімі мен аза тұту, ас беру, жұт, болыс сайлауы, дауға билік айту, аң аулау мен табиғат көріністері бар. Алғашқы екі кітаптан тұратын «Абай» романы үшін жазушыға КСРО мемлекеттік сыйлығы (1949) беріліп, төрт томдық «Абай жолы» роман-эпопеясы жарық көргеннен кейін ол Лениндік сыйлықтың лауреаты (1959) атанды.

Эпопея дүние жүзі халықтарының бір жүз он алты тіліне аударылған. Ол екі жүз томдық «Әлем әдебиеті кітапханасы» топтамасында екі том болып басылды.

Ossza meg: